з а т. ф и л о с. Құдай туралы діни ілім. Европада да т е о л о г и я рухының нағыз қырсық болып тигені жұрттың бәріне мәлім (Ш.Уәлиханов, Мақалалар мен хаттар). Әбу Әли Сина ғылымның барлық тарауларын ой таразысына, парасат-білім сарабына сала келіп, бүкіл ғылымды дербес үш салаға бөледі: бірінші – төменгі ғылым, бұған жаратылыстану ғылымдары жатады, екінші – орта ғылым, бұған математикалық ғылымдар жатады, үшінші – жоғары немесе бірінші ғылым, бұған метафизика, т е о л о г и я жатады (А.Көбесов, Сөнбес жұлдыздар). Т е о л о г и я ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, философиялық тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған (ҚҰЭ).