Тербелмелі жүйе.

lat: Terbelmeli júıe.

Тепе-теңдік күйдің бұзылуы нәтижесінде меншікті тербелістер пайда болатын физикалық жүйе. Энергияның сипатына қарай т е р б е л м е л і ж ү й е консервативті жүйе (энергия шығыны болмайтын не энергия шығыны жоқ деп есептелетін жүйе), диссапативті жүйелғашқы берілген энергия қоры тербеліс кезіндегі жұмысқа шығын болуы нәтижесінде тербелісі өшетін тербеліс жүйесі), автотербелісті жүйе (жүйеде болатын энергия шығыны сол жүйедегі энергия көзі есебінен толтырылатын жүйе) болып бөлінеді. Жалпы жағдайда т е р б е л м е л і ж ү й е параметрлері (масса, сыйымдылық, серпімділік т.б.) сол жүйеде өтетін процестерге тәуелді болады (ҚҰЭ).