Тергеу әрекеттері.

lat: Tergeý áreketteri.

з а ң. Қылмысты ашу үшін дәлелдеме жинау мақсатында жүргізілетін әрекеттер. Т е р г е у ә р е к е т т е р і н е оқиға болған жерді қарау, куәландыру, жауап алу, беттестіру, тінту, алу, хатабарды тұтқындау, хабарды желіден ұстау, сөйлесулерді тыңдау, танытуға ұсыну, эксгумация (адам мәйітін жерленген жерінен қазып алу), тергеу эксперименті т.б. жатады. Т е р г е у ә р е к е т т е р і заңда бекітілген қатаң тәртіпте іске асырылады (ҚҰЭ).