м е д. Тері, кілегейлі қабық, шаш (түк), тырнақ қабынуынан, оларға ісік шығуынан дистрофиялық өзгерістер пайда болатын аурулар тобы. Т е р і а у р у л а р ы механикалық, физикалық және химиялық әсерден көбінесе терідегі қабынулардан, кейбір паразит саңырауқұлақтар арқылы дерматомикоз, актиномикоз аурулары; бактериялардан-терінің іріңді аурулары; паразит жануарлар арқылы қотыр; вирустардан – сүйел, ұшық пайда болады. Т е р і а у р у л а р ы н ы ң кейбір түрлерінің дамуына жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (мыс., нейродермит), эндокринді жүйе қызметінің бұзылуы (себорея, безеу) да әсер етеді. Т е р і а у р у л а р ы н медицина ғылымының дерматология саласы зерттейді (ҚҰЭ).