Терминдік мағына.

lat: Termındik maǵyna.

л и н г в. Ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Т е р м и н д і к м а ғ ы н а ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Онда ауыс мағына, эмоционалдыкспрессивті күрделенген мағына болмайды. Сол себепті т е р м и н д і к м а ғ ы н а әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады («Қаз. тілі» энцикл.).