ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ

lat: Termınologıalyq

с ы н. Терминологияға қатысты, соған тән. Қазақ тілін еркін білемін деп ойлайтын мен де қажетті жерде т е р м и н о л о г и я л ы қ ережеге бағына отырып, мүмкіндігінше өзге терминнің қазақша баламасын келтіруді жөн көрдім (С.Мұқанов, Халық.). Оқушылардың т е р м и н о л о г и я л ы қ білімін тексеру жұмысы жүргізілді («Қазақст. мект.»). Қазіргі ғылымда т е р м и н о л о г и я л ы қ құрылымның жүйелене түсуі, жалпы филологиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистикалық, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебінен толыға түскені байқаладыдеб. термин. сөзд.).