з а т. п е д. Белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер (тестілер) пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Т е с т і л е у индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т.б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді (Қаз. тілі термин. Педагогика). Әрине, т е с т і л е у процестері төңірегінде көп сын айтуға болады, тіпті мұны түбі жоқ, таусылмайтын тақырып десек те қателеспейміз («Қаз. әдеб.»).