lat: Tigin mashınasy.
а) Іс тігетін, киім-кешек тігетін машина.
Өзі тігін машинасымен іс тігіп отыр (Ө.Боранбаев, Өрімтал).
Ол сыйлыққа тігін машинасын алды (Ә.Жәмішев, Дала.).
Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар (Шаңырақ энц.).
ә)тех. Тігін бұйымдарының бөліктерін өзара тігіспен қосуға, түйме қадауға, торлауға, сондай-ақ әртүрлі кесте тігуге т.б. арналған машина; бұйымдар жасау процесіндегі негізгі технологиялық жабдық.
Алғашқы тігін машинасын 1775 ж. Ұлыбританияда Ч.Ф.Визенталь ойлап тапты (ҚҰЭ).
Тігін машинасы сыртқы көрінісі, құрылымы және кинематикасы бойынша ажыратылады (ҚҰЭ).