Тікентерілілер типі

lat: Tikenterililer tıpi.

биол. Омыртқасыз жануарлар тобының бір типі [5000-нан аса түрі бар, теңіздерде көп тараған, көбі су түбінде жай қозғалып, кейбіреулері бекініп тіршілік етеді. Ересек түрлері радиальді симметриялы. Тері асты қабатында әкті тақтадан тұратын, денесінің беткі жағында тікенектері, инелері бар қаңқасы дамыған (типтің аталуы да осыдан). Дамуында диплеврула дернәсілі бар, ол билатеральді симметриялы, планк-тонды, еркін жүзіп жүреді. Бұл типке қазіргі уақытта кездесетін теңіз жұлдызы, теңіз қиярыолотурия), теңіз кірпісі, жыланқұйрықтылар, теңіз лилиясы кластары жатады. Қалған кластарының өкілдері жойылып, құрып біткен. Олар палеозой эрасында кең тараған].