Тіл білімі

lat: Til bilimi.

лингв. <лингвистика> Әлем тілдерінің құрылысын, әлеуметтік қызметін және тарихи дамуын, адамзаттың табиғи тілін, оның жалпы заңдылықтарын, қолданылуын және адам қоғамын зерттейтін гуманитарлық ғылым саласы.

Егер бір нақты тілдің (мыс. қазақ, орыс) немесе туыстас тілдердің (мыс. алтай, түркі, үндіеуропа) фактілерін зерттеу мақсатын қойса, бұл жеке тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілдік мәні мен құрылысын, тіл элементтерінің өзара қатысын, тілдің даму себептерімен бағыттарын және т.б. тілдік проблемалар қамтылса, бұл жалпы тіл білімінің зерттеу объектісі болып табылады (Қазақ тілі. энцикл.).