Тіл білімінің философиялық проблемалары

lat: Til biliminiń fılosofıalyq problemalary.

Тілдің неғұрлым жалпы сипатына қатысты: тілде шындық өмірдің жалпы қасиеттерінің көрінісі, табиғат, қоғам және танымның жалпы даму заңдылықтары сияқты проблемалар, сонымен бірге философияның негізгі мәселелеріне байланысты тілдік проблемалар [Бұлар тілдің табиғаты мен мәні (ең алдымен әлеуметтік табиғаты), тіл мен ойлаудың, тіл мен қоғамның, тіл жүйесі мен құрылымының, таңбалық сипатының, тілдік мағынаның, тілдің шығуы, эволюциясы мен тарихының, тіл философиясының пайда болуы мен дамуының т.б. проблемалары болып табылады].

Тіл білімінің философиялық проблемаларын екі салаға бөліп қарауға болады: 1) тіл онтологиясының (тілдің табиғаты) проблемалары; 2) теориялық-танымдық, методологиялық ұстанымдар негізінде тілді зерттеу проблемалары (Тіл білімі терминдері).