lat: Til saıasaty.
саяси. Тілдің даму тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі.
Тәуелсіздікті рухани баянды ету үшін тіл саясаты идеологиялық сарынға бағынышты, жалынышты болмауы шарт (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).
Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып «өлі тілдерге» айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі – олардан зор тілдердің шығуы. Ал оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады (Саяси түс.сөзд.).