Тілдің қамы

lat: Tildiń qamy.

Қазіргі кезеңдегі қазақ ұлтының тілін Қазақстан Республикасында шын мәніндегі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру, орнықтыру жолындағы күрес, іс-шаралар [Бұл тіркестің мәні дәл қазіргі қазақ ұлтының тіл үшін күрес майданында жүру мақсатын ашып береді. Елдің қамы деген Отанның қамы, ұлттың тұтастығы, болашақ үшін әрекет. Осылардың бәрі тілге қамқорлықтың арқасында ғана жүзеге асырылады].