Тілдің шығуы

lat: Tildiń shyǵýy.

лингв. Адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы қарым-қатынас қажеттілігінің өтелуі.

Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі көрнекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды (Қазақ тілі. Энц.).

Тілдің шығуы адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуының алғы шарты (Қазақ тілі. энц.).