lat: Tildik akýstıka.
лингв. Дыбыстардың жасалуы мен олардың естілуін, дыбыстық белгілерді, сондай-ақ дыбыс құрылыстарын және оларды танып-білетін қондырғыларды жасайтын жалпы акустиканың бөлімі.
Тілдік акустиканың негізін салған Ф.Гельмгольц болды. Ғалым кезінде резонаторлар теориясын ұсынған болатын. Осы теорияны әрі қарай Ц.Тибла мен М.Кадзияма дамытты (Қаз. тілі энцикл.).