э к о л. Топырақта тіршілік ететін және оған тікелей не жанама әсер ететін барлық тірі тіршілік иелері. Өсімдік үлескісі астындағы топырақ қабатындағы т о п ы р а қ о р г а н и з м д е р і н і ң қауымдастықтары тепе-теңдік күйінде болады, өйткені, олардың қорек негізі осы өсімдіктердің түсіндісі болып табылады: мұны түтынып олар органикалық заттектерді бейорганикалық заттектерге айналдырып, негізінен көміркышқыл газы мен су түзеді (Қаз. тілі термин. Экология).