lat: Trıgonometrıa
[грек. trigonon – үшбұрыш, metreo – өлшеймін] зат. Тригонометриялық функциялар мен олардың геометрияда қолданылуын зерттейтін математиканың бір саласы.
Бұл елдерде математика ғылымының дамуында тригонометрия саласы өтө көрнекті орын алады (О.Жәутіков, Математика.).
Фарабидің тригонометрия саласындағы жетістіктері баяндалған еңбегін басқа бір шығармасының арасынан таптық (А.Көбесов, Сөнбес жұлдыз.).
Сол үш нүктесі болмағасын, тригонометрия заңымен атылатын қаһарлы қару өзінің тактикалық маңызын жоятыны белгілі (Ж.Тілеков, От кешу).