ТРАКТАТ

lat: TraktAT

зат. ғыл. Белгілі бір ғылым саласы бойынша жазылған, түбегейлі зерттеу жұмысы, ғылыми шығарма.

Әбунасыр әл Фараби әлемге әйгілі «Уақыт», «Кеңістік», «Субстанция» атты философиялық трактаттарын Отырарда жазды (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).

Әңгіме фольклорлық қорды тек жинай беру ғана емес, оларға әлеуметтік тұрғыдан қарайтын ғылыми трактаттар керек екені заңды талап (I.Омаров, Серпін.).

Абайдың әрбір өлеңі жайлы философиялық трактаттар жазылуы керек (С.Мәуленов, Үркер.).

Мемлекет құрып, оның нығайту, қалалар салу, керуен жолдарын тарту, ғылыми трактаттар жазу, төл мәдениетін қалыптастыру-бәрі-бәрі де жасампаздыққа жатады (Н.Назарбаев, Тарих толқынында).

Фарабидің кейінгі кезге дейін белгісіз болып келген осындай медициналық бір трактаты мәлім болып отыр (Білім және еңбек). Өлең өлшемдрі, араб тілі граматикасы туралы трактаттары елеулі (Р.Бердібаев, Гүлістаның бұлбұлдары).

Оның айтуынша «қандай да болмасын бір үй жануары жөнінде жазылған трактаттың барлығын оқу керек те, толып жатқан дәлелдер болмаса, бірде біреуіне сенбеу керек (Жалпы биология).

2. Халықаралық келісім (Қаз. тілі термин. Педагогика).