ТРАНШЕЯ

lat: Transheıa

зат. әск. 1. Бір жағында немесе екі жағында топырақ қалқаны бар, ені тар, ұзынша келген соғыс майданындағы әскери күштердің уақытша бекініс орны, терең қазылған ор.

Траншея ішімен жүгіріп отырып, ең алғы шепке келдік (Т.Бигелдинов, Аспанда.).

Траншеяға орналасқан Қарсыбай минометін тура фашистерге қарай бұрды (Н.Оразбеков, Қарсыбай Сыпатаев).

Әлде жау күші басым болды ма екен, ал мына жігіттердің көріп жүргені траншея окоп, шашылып жатқан соғыс бұйымдары (Қ.Исабаев, Өрде).

2. Қорғаныс үшін ертеде қамалдардың айналасына қазылған ор.