lat: Transplantasıa
[лат. transplantatіo] зат. мед. Адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу әдісі.
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б.з.б. 1500 ж. Жасалған (ҚҰЭ).
Клиник. тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю (ҚҰЭ).