ТРЕСТ

lat: Tres

[ағылш. trust] зат. Құрамына енетін кәсіпорындардың толықтай өзіндік өндірістік, коммерциялық және заңды дербестігінен айрылып, біріңғай басқаруға бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі; Монополияның бір түрі.

Ешқайдан қызмет таппай ең соңғы үміті трестің бастығына келіп отыр (А.Жақсыбаев, Егес).

Трестен келетін жарлық соған түсіп, берілетін хабар да содан жөнелтіледі (М.Әбдіхалықов, Алыста).

Аудиториядаға таңертеңгілік оқуды түстен кейін геофизикалық трестегі жұмыспен жалғастырды («Қаз. әдеб.»).