ТҰЯҚТЫ

lat: Tuıaqty

сын. 1. Мал.

Қашқындармен бірге орта жүзде тұяқтыға жүлде бермейтін Маса байдың қос күреңі жоғалыпты (X.Әдібаев, Таңбалы.).

Бүкіл тұяқтыдан айнымайтын бір ғана малы болатын ол Шағыр аты (Т.Ахтанов, Шырағың.).

2. ауыс. Тұқымы, ұрпағы бар.

Баласы бір кісінің тұяқты едің,

Төрт ата ұлы Дулатта қуатты едің.

Кешегі ынтымағың бар кезінде,

Бұл елдің аруағы сияқты едің (Майлықожа, Нақыл).