lat: Tynys belgileri.
лингв. Айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі.
Пунктуация – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті (ҚҰЭ).
Тыныс белгілері жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді (ҚҰЭ).
Қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде баспа орындарында арнаулы мақалалар жазылды («Соц. Қаз.»).