ҰЯТ

lat: Uıat

зат. 1. Адам бойындағы ізгі қасиет, ар-намыс, адамдардың қарым-қатынас мәдениетіндегі ненің жақсы, ненің жаман екендігін түсіну және ажырата білуі.

Өлімнен ұят күшті (Мақал).

Ұят адамның өзінің әлеуметтегі іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін танытады. Ұят адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы (Мәдени-фил. сөздік).

Ұяттан, ар-намыстан не біледі?

Шіркеуге келгендерден тіленеді.

Аш итше бір тиынға топыр қағып,

Бір таласып, бір ұрысып, бір күледі (Абай, Тол. жин.).

2. псих. Адамның ұждан мен қоғамдағы моральдық принциптерге үйлеспейтіні жағымсыз, теріс қылық жасаған кезде байқалатын сезімі.

Ұят, адамгершілік қасиеті мол, парасатты адамдарға тән сипат (Қаз. тілі. термин. Педагогика.).

3. ауыс. Жарасымсыз, келіспейді деген мағынада.

Килігіп жас жетпіске толығып тұр,

Өр көңіл жеңбес жауға жолығып тұр,

Талпынған әр тарапқа таудай көңілім,

Шабығып осы бүгін торығып тұр.

Жиырма бес көз ұшында елестейсің,

Бір келіп енді бізбен кеңеспейсің.

Біздерге осы уақытта күлсек те ұят,

Қол созсақ: «Құрышы әрмен, о несі» дейсің (Базар жырау, Шығ.).

Келсе де үнсіз қалғым кейде менің,

Ұят деп ақсақал боп сөйлемеуім (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).