lat: UǴYM
зат. 1. Белгілі бір зат, құбы лыс жөніндегі адамның түсінігі, танымы.
Бақытын жаста аңсаған көзі көрді,
Жетпісте кетті түлеп кәрі жүзі.
Жүректе тұлғасы орнап суреттей,
Құлақта терең ұғым қалды сөзі (О.Шипин, Дастан.).
Бұл қазақта ұғымы бар "заржақ" деген,
Бүгін барлық ақындар зарлап өлең
Жазып кетті, қарғайды әлдекімді,
Болмай қойды ашуда "алды-арт" деген.
Өлең – деген сезім ғой, жан күйі ғой,
Бәлкім, ол да дұрыс па – ойлай берем.
Кіл жылауық, өлеңнен өнер шықпас,
Қанша сыйлап, ықылас қойғанменен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ,).
Бір ұғым бар ауырлықты сезбеген,
Қуатымен дәйім алға бастайды.
Бір ұғып бар қара басын көздеген,
Бір ұғымға басқа түгіл бас қайғы (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Халықтың ұғымында кез келген адам азамат бола бермейді (С.Хайдаров, Азамат.).
Адалдық, ақ ниеттілік туралы ұғым – қазір өрісі кең ұғым (С.Байжанов, Сыр.).
Бір ұғымды басқа ұғымдардан айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.).
Бір заттың ұғымын ойлағанда, сол заттың сыны заттың өзімен бірге яғни зат сынымен қосылып, бір зат болып ойланады (М.Жұмабаев, Шығ.).
О, шіркін, қайран сонау, балаусын шақ! Жаның пәк, жүрегің ақ, алаңсыз шақ! «Шыны ма?» – деп жаныңа үңілмейтін, «Жат, дұшпан» ұғымдардан хабарсыз шақ! (Т.Әбдірахманова, Кілт).
2. Мән, мағына, маңыз.
Айтылмаған сонда да бір сырым бар,
Бұл сырымды тек Ленинше ұғыңдар.
Ана тілім – анам сүті, жүрегім,
Жүрек тынса, тірлікте не ұғым бар? (Д.Әбілев, Ой толқын.).
«Халің қалай»?
Онда қанша бар ұғым,
Жолдарыңа түсіреді жарығын.
...Ағалардың амандығын, саулығын,
Сұрай жүрші, біле жүрші, бауырым (Т.Қызықбаев, Парыз).