ҰЙҚЫ

lat: UIQY

зат. Адам мен кейбір жануарлардың тынығып дем алуы үшін, белгілі бір мерзімде қайталанып отыратын физиологиялық жағдайы.

...Ертеңгілік ел ұйқыдан жаңа-жаңа тұрғанда,

Көк орамал тартқан бір қыз келе жатты қырманға (М.Шаханов, Ғасыр.).

Алдампаздар ала қашты күлкімді,

Жарым түнде бөлді менің ұйқымды.

Жұдырықтардан ту сыртымнан түйілген

Жотам менің дірілдейді бір түрлі (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Арысын белден омырып,

Қалмақ тартып барды алды;

Ұйқысы түссіз қанбаған,

Ел қалап, ер таңдаған,

Берген серттен танбаған

Ақ құба ару жарды алды улат Бабатайұлы, Замана.).

Күн батты, ұясына барып қонды,

Шу тоқтап, жерошақта оттар сөнді.

Басылып сапырылысқан қыдырмалар,

Ұйқыға ел жататын мезгіл болды (Ж.Саин, Күләнда).

Өмір деген ұйқы ғой,

Түс көргізбей қоя ма?

Қиын-қызық, әр түрлі ой

Іс көргізбей қоя ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Уды жуып үлгіру үшін біраз уақыт у шығаруды тоқтату керек. Мидағы хужайларға тыныс беру керек, миға демалыс беру керек. Ұйқы деген мидың дем алуы. (Х.Досмұхамедов, Таңд.).

Мәжнүннің ғашығымен күйіп-жанып,

Көрмейді ұйқы, тамақ мейірі қанып.

Бір түні ай жарықта тысқа шығып,

Білдірмей еш адамға жүр зарланып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ессіз болсам, терезеңіз түбінде

Түнде ән салып, ұйқы маза бермес ем,

Ессіз болсам, сізден қашып жүрмес ем,

Көзіңізге түссем деп талпынар ем,

Ессіз болсам үнсіз, тілсіз тұншығып,

Жапа шегіп, мұнша азап көрмес ем... (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Арасы бітім шаппағатын дұшман қараңғы түн жаратылысы ұйқыға кетеді. Ботасын я бұзауын алмаған сиырды, түйені қазақ қараңғы жерге байлап телиді. Қараңғылық басын айналдырады. Жердің ........ қойып түйе баласын алып шығады (М.Дулатов, Шығ.).

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,

Атырафқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тоя алмай? (М.Дулатов, Шығ.).

Табиғат тыныштыққа тегіс шомған,

Қалың ел айдын көлді қатар қонған.

Пырылдап жұрт ұйқыда, мал күйісте,

Өтпейді жүргінші де қара жолдан (Б.Майлин, Таңд. шығ.).