lat: UIYMDYQ
сын. Ұйымға қатысты (мәселе).
Бұл уақыт ішінде кәсіподақ ұйымдары едәуір өсті, ұйымдық жағынан нығайды («Соц. Қаз.»).
Біздің ендігі міндетіміз - бұл шараның жоғарғы ұйымдық және мәдени деңгейін қамтамасыз ету («Қаз. әдеб.»).
Сонымен бірге Парламенттің ұйымдық құрылымы заң шығару жұмысы сапасының проблемасын шешпейтіндігін ескеру керек («Егемен Қазақстан»).