lat: UJYMDYQ
зат. 1. Ұжымға тән.
Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады (ҚР Конституциясы).
2. Ынтымақтылық, ұйымшылдық.
– Ұжымдық салтымыз ғой, қарсы ал бізді! – деп, жымиып келеді Қарғабек (Р.Райымқұлов, Жасыл белес).
Ұжымдық шаруашылық жүйесі орнады (М.Шоқай Таңд. Шығ.).