lat: ULTARALYQ
сын. Ұлттар арасындағы.
Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімсіз мұндай нәтижелер болмас та еді («Егемен Қазақстан»).
Мерейтойлық сессияға қатысушылар Қазақстан қоғамын, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласында салиқалы саясат және жоғары моральдық қағидаларды ұсынуға шақырған үндеу қабылдады («Қаз. әдеб.»).
Елбасы өз сөзінде біздің еліміздің ең басты жетістігі – ортақ отанымызда ұлтаралық келісім мен бейбітшілік және тұрақтылық екендігіне, бұған осынау беймаза әлемдегі қол жеткен елеулі табысымыз деп қарау керектігіне, ал бұл табыста Қазқстан халықтары Ассамблеясының ролі мен үлгісі зор болғандығына ерекше тоқталып өтті («Қаз. әдеб.»).
Республика президенті жанынан кеңесші орган ретінде 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында нәтижелі жұмыс атқарып келеді («Қаз. әдеб.»).
Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады (ҚР Конституциясы).