lat: ULTSHYL
сын. Ұлтшылдықты жақтаушы, соның сойылын соғушы.
Орыс жұртының ұлтшылдары, жұртына жаны ашыры, қабырғасы қайысатын азада қалды (Ә.Бөкейханов, Шығ.).
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін,
Ашылсын анық көмескім,
Айтатын кезі келген соң (Ш. Құдайбердиев, Шығ.).
Жүздеген кінәсіз шаруаларды ұлтшылдар, діншілдер деп қылышпен кескіледі (М.Шоқай, Таңд.).
…орыс империализімінің жеңісін орыстың ең ұлтшыл қанаты “жас орыстар” жақсылап мерекелеуде (М.Шоқай, Таңд.).
Иван Катков… аса ұлтшыл жазушыларынан еді… (М.Дулатов, Шығ.).
Шексіз сүйем ұлтымды, сүйе тұрып, алайда,
Басқа адам баласына көз алартсам, қалай ма?!
Ұлтын сүю бір бөлек, ұлтшыл болу жарай ма?!
Қайтіп айтам Дантеге жетпейсің деп Абайға?! (М.Мақатаев, Дариға.).