ҰЛТШЫЛДЫҚ

lat: ULTSHYLDYQ

зат. Ұлттар арасындағы алауыздықты насихаттайтын, еңбекшілер мүддесіне жат буржуазиялық идеология мен саясат.

Баспасөздің 10 жылдық мерекесін біз де құттықтап, жылдан жылға ұлғайып ілгері басуын һәм ұлтшылдық жолында тізелес қызмет етуін тілейміз (“Қазақ”).

Манадан бергі сөзіміздің қорытындысы: “қазақтың ұлтшылдығы, үстемдігі, бағындыруды көксеген, шегіне жеткен, озбыр ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жансауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған тіленші ұлтшылдық(Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бесжылдық жоспар жасалысымен-ақ оған алғаш рет қарсы шыққан адам… ешқашан ұлтшылдық иісі мұрындарына бармаған, Ленин мектебінде тәрбиеленіп ержеткен, коммунистік университеттің қызыл профессорлары Юныс пен Мыңбайлар болды (М.Шоқай, Таңд.).

Кешегі өзге кіріптар болған кезімізде айтуға аузымыз бармай, жасқаншақтай беретін ұлтшылдық, түрікшілдік деген сөздердің ұнамды мағынасын санамызға дарыта білсек, обыр, өктем мемлекеттермен ешқашан да теңесіп сөйлесе алмаймыз… (“Қаз. әдеб.”).

Бұл жағдайға ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдердің ұлтшылдыққа мән бермеуі де өз үлесін қоспай қалған жоқ («Жас Алаш»).

Қазақ ғылымының корифейі, академик Қ.Сәтбаевтыңұлтшылдықпенайыпталып, қуғынға түскені де тарихымыздың қасіретті беттері болып табылады (“Қаз. әдеб.”).