ҰЛТТЫҚ

lat: ULTTYQ

сын. Белгілі бір ұлтқа тән, ұлтқа қатысты; ұлт ерекшеліктерін көрсететін, қамтитын.

«Абай» қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсе те алған ұлттық роман (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Орын алған жағдайға байланысты басымыздан кешірген және кешіріп отырған оқиғаларды ұлттық және аймақтық процестер тұрғысынын ғана емес, бүкіл дүниежүзілік даму арнасына қарай талдауға тура келді («Егемен Қазақстан»).

Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама негізінде дертпен күресуге соңғы екі жылда 3 миллиард теңге жұмсалыпты («Жас Алаш»).

Осындай жағдайларда ел Президентінің 1993 жылы 15 қарашада ұлттық волютамызды теңгені енгізу туралы шешімі дер кезінде қабылданған еді. Табиғи байлықтарды нәтижелі пайдалану мақсатында елімізде Ұлттық қор құрылды («Егемен Қазақстан»).

Көп ретте осы элита ұлттық республикаларды Ресейдің дамуына кедергі келтіреді деп, кеудеден итергендей болды (“Егемен Қазақстан”).

Ай санап, жыл санап, етек алып бара жатқан осы әдет, әйтеуір, ұлттық сана мен сападағы шегінісіміз де болып жүрмегей («Қаз. әдеб.»).

Тиісінше олар ішкі рынокты да ұлттық тұтынушыны өзіне қарату үшін күрес жүргізгенде шетелдік экономикалық субъектілермен тең жағдайда бәсекеге түсуге мәжбүр болады («Егемен Қазақстан»).

Өз тілімен сөйлескен жұрттың, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды («Қазақ»).

Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз (М.Шоқай, Таңд.).

Ұлттық-мемлекеттік межелеудің Варейкис деген көлденең көк атты Орта Азияны ұлттық мемлекеттік межелеудің белгілі бір саяси мақсаттарды көздеу нәтижесінде болғанын мойндайды. (М.Шоқай, Таңд.).

Жұбан өз шығармала ры арқылы таза ұлттық, халықтық ақын дәрежесіне көтеріле алғанын таны тады (С.Қирабаев, Октябрь.).

Халық мұңы қабағымда, Қасымда.

Ұлттық иісі сіңген маған жасымда.

Бүгін «Сони» істеп жатыр дегенін

Бүлдіршіннің бесігінің басында! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).