ҰҚЫПТЫ

lat: UQYPTY

сын. Тап-тұйнақтай, жинақы (салақ емес); тыңғылықты.

Кең, жарық бөлмелер, ұқыпты жиналған аппақ төсектер (Б.Оразақов, Дәрігер.).

Ол қайда жұмсаса да, тапсырған істі шапшаң және ұқыпты орындайтын (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Жас азаматтарымыз тілге мейілінше ұқыпты, жанашырлықпен, қамқор көзбен қарауы керек қой дейміз (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (ҚР Конституциясы).