lat: URYQTANDYRÝ
Ұрықтандыр етістігінің қимыл атауы.
Ұрықтандыру жайын сөз еткен жалғыз Берікбол емес, осы ферманың шопандары түгел шулап отыр,- деді Дәнеш сөзін жалғап (Қ.Жұмаділов, Саржайлау.).
Қолдан ұрықтандыру республиканың совхоздары мен колхоздары үшін экономикалық жағынан өте тиімді іс (Жаңарған өлке).
Әбдіжан саулықтарды бөліп, ұрықтандыруға әзірледі (С.Бегалин, Уақыт тынысы.).