ҰРЫС

lat: URYS

1 зат. 1. Соғыс, шайқас.

Қалың сарбаз тоқырап,

Бір қайтпады ұрыстан.

Аламыз деп ұмтылды,

Болса дағы зымыстан (О.Шипин, Дастан.).

Қазақты ол ұрыста қалмақ алды,

Үш есенің екеуін қырып салды.

Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында,

Арқаға қазақ ауып кетіп қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қаракөз бен Айнамкөз Келін болған баламыз.

Оны қайтып тастаймыз, Біз ұрыстан қашпаймыз.

Ту көтеріп бастаймыз.

Ер Төстіктен саспаймыз (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Тізеден кешіп қызыл қан

Баса алмай аяқ тұншығып,

Барған сайын үдеді

, Басылмай ұрыс тыншығып (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).

2. Керіс, талас, жанжал.

Екеуміз бірге істесе алмаймыз. Ұрыс жоқ, талас жоқ, жақсы атпен орныңды босат (А.Жақсыбаев, Егес).

Қырт мақтаншақ оңбайды.

Кісімсініп жалпылдап,

Біреуге өктем іс қылса,

Өз күшім деп ойлайды.

...Жат айбынар ісі жоқ,

Өз еркіне жіберсең,

Еш нәрсеге тоймайды.

Қалжыңы теріс, сөзі ұрыс,

Айтқан сөзге көнбейді (Абай, Тол. жин.).

Қатындар деді қалған жоқ,

Сиырлы үйде айран жоқ,

Үйдің іші шөл екен.

Бұл төренің үйінде

Екі қатыны бар екен.

Күндестікпен, ұрыспен,

Құрыған екен берекең (Бақтыбай ақын, Жел қобыз.).