ҰРЫС

lat: URYS

2 ет . 1. Керісу, дауласу, жанжалдасу.

Ерлі-қатын ұрысар да керісер,

Керісер де келісер (Мақал).

Екі көз бір-біріне дұшпан болып,

Болса да қандай жақын сене алмайды,

Ұрысса қатын-бала әлдеқандай,

Үйіне бірп-бірінің ене алмайды.Дулатов, Шығ.).

Бақытыңа кез бопты долы қатын,

Мұны алған ер жанжалға молығатын,

Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,

Бір үй түгіл, бір ауыл торығатын (Шал ақын, Өлеңд.).

Екі дос ұрысты, бастады бір істі,

Кім осал, кім күшті, бір дулат, бір ысты.Әзірбаев, Аңыз.).

2. Қатты сөз айту, сөгу.

Өзің үлкен, қылығың бала-шаға,

Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.

Әкесі ұрысса балаға, ол да достық,

Баласы ұрысса, әкеге жараса ма? (Абай, тол. жин.).

Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сөкпе дегеннен бала біржола тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап бермесін деген сөз шықпайды.Жұмабаев, Шығ.).

Майбасар балаға ақырып ұрсып, тұқым-тұяғынан түк қалдырмай боқтап, аттың бауырына алып сабап жүр.Әуезов, Абай жолы.).

3. Араздасу.

Ағайынмен ұрысып,

Араздасып кетердей.

Отырасың тырысып,

Сіркең бір су көтермей (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

4. Соғысу, төбелесу, қырқысу.

Неміс фашист басқыншыларына қарсы соғыстың басталғанына да үшінші жылға аяқ басты. Үрмәш енді екінші Прибалтика майданында ұрысты жаумен.Әлішев, Батыр.).

"Тыныштық, Ауке, тыныштық,

Төздік қой, жетер, қатерге.

Алыстық, жеңдік, ұрыстық,

Кетпеді күрес бекерге (М.Мақатаев, Шығ.).

Отанның біз де жасымыз,

Халықтың гауһар тасымыз.

Жастық борыш бізде тұр.

Ел үшін құрбан басымыз.

Ұрысқан жерде тұрыс жоқ,

Алға қарай басыңыз.Жапсарбаев, Сөйле.).

Кемпір, шалдар кемсеңдеп,

Ақылдан танып мәңгірді.

Жауыр болған жарлы елді,

Есінен Сұлтан тандырды,

Аянар бұдан жан жоқ деп,

Ер азамат сап құрып,

Ұрыспаққа қам қылды.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

5. Күңікілдеп, жақтырмай сөйлеу.

Балалары тағы жүр

Күңкіл етіп ұрысып.

Әкем сорлы үндемей,

Төрде отыр құнысып;

Үстінде тәуір киім жоқ,

Қаудыр тоны құрысып.

Құда келді демейді,

Бай елей ме кедейді? (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

6. Ақыл айту, дұрыс жолға бағыттау.

Қарадым кісем түсіп қалды ма деп,

Балалар соған айтам салды ма деп.

Анықтап, алдағынын білгеннен соң,

Ұрыстым балалардың алдына кеп.Құдайбердиев, Шығ.).

Ол бір мезгілде көзін маған аударып, әрі ұрыса, әрі ақыл айта сөйледі.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).

Шырылдаса, ұрысса бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін деп сөйлейтін шығар.Соқпақбаев, Менің атым Қожа.).

7. Налу, қапа болу.

Періште емес, еске салар періңді

Сол келіншек қозғап кетті шерімді.

Баласы емес, Енесі емес, Байы емес,

Бақытына ұрысқандай көрінді!.Мырзалиев, Мәңгі.).