lat: USAQSYN
ет. Менсінбеу, қанағат тұтпау.
Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі – ұсақ істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып құлап та жатпау (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Жанжалды үй арасы ұсақсынып,
Арыстан отыр барлап, тісі ақсиып:
Дүм қылып ханның сыртын Дулаттарға,
Төбеде тұр, әнеки, қыз қақшиып (І.Жансүгіров, Поэм.).