ҰСАҚТАУШЫ

lat: USAQTAÝSHY

зат. Жынысты уату, ұсақтау жұмыстарымен шұғылданушы маман.

Коллективпен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан ұсақтаушы, пенсияға шыққаннан кейін бірнеше жылдар бойы смена бастығы болып істеген А.Галиев, ...ұсақтаушы Т.Лаптева диірменші Л.Гопко... тәрізді тарландарымыз қашан да жастарға ұстаздық етуден, тәжірибесін үйретіп, ақыл-кеңес беруден жалыққан емес (Қаз. лексика. жаңа қолданыстар).