ҰСАҚТАҒЫШ

lat: USAQTAǴYSH

зат. Мал азығын ұнтақтап бөлуге арналған мәшине.

ИГК-30 маркалы ірі азық ұсақтағышпен майдаланып туралған 10 килограмдай беде мен шөпті әр сиырға лайықтап бөліп салады (Саржайлау).

Мал күтуші “жемшөп ұсақтағыш болмағандықтан осылай етеміз, обалы МТС-ке, Поспеловке болсын” дейді (Ә.Нұршайықов, Жер туралы жыр.).

Мұнда өзектерді ұсақтау үшін С-218 балғалы тас ұсақтағышты қолданады (Мал бордақылау жұмыстарын механикаландыру.).