lat: USAQTA
ет. 1. Майдалау, ұнтақтау, ұсату.
Агрегаттар бірінен соң бірі жер жыртып, топырақ ұсақтап, тұқым сеуіп барады (Ә.Нұршайықов, Жер.).
Одан басқа жұмыс: күйген ағаштан қораға үйіп қойған. Отынды ұсақтайды, боран болған күннің артынан қораға түскен қарды төгеді (С.Мұқанов, Ботагөз.).
Әбусақып “балтаны әкел, мен ұсақтап берейін” деп баотаны ұлбосыннан алып, жас қайыңға балтаны сілтеп жатыр (Б.Майлин, Шығ.). Дәулет отынды көл-көсір етіп ұсақтап тастады. (М.Сүндетов.).
2. ауыс. Азғындау, азып-тозу.
Саған осы сөзді мен де айтайын деп едім, Қаранар. Кішірейгеніміз түк емес, ұсақтап кетпесек болды да (О.Бөкеев, Өз отыңды өшірме.).
Өнер жарыстары ауыл арасының ру жігінің ұсақ бәсекесіне айналып, ұсақтап кетпесін (С.Бегалин, Замана.).
Бірі күпті, Бірі мықты Бәсекеңді құшақтап, Бөлінбейтін ірілікті Бөліп жүрміз ұсақтап! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).
Мені біреу ұсақтап кетті десе, Мүмкін емес дедің сен жылап тұрып (М.Шаханов, Ғасыр.).
3. Ақшаны майдалау.
“Жо-о-о, көке …ақысы төленіп қойылған, көке… ұсақтамайтын әдетіміз, көке... Жо-о-о! ” (Д.Досжанов. Кісі ақысы.).
4. ауыс. Босату, жібіту.
Артады нар көтере артық тұзды,
Сүйменмен ұсақтайды қатқан мұзды.
Аймалап айға қарап жатар еді,
Басына ақ орамал тартқан қызды (Шал ақын, Өлеңд.).
5. ауыс. Тіршілік күйбеңінен аса алмау.
Әлде, адам баласы тіршілік күйбеңімен екі иіні түсіп, күннен-күнге ұсақтап бара ма? (С.Жүнісов, Ақан сері).
Алдырмай бойын жеңілге,
Көрмеген ақын ұсақтап.
Құлаған туған жеріне,
Топырағын сүйіп құшақтап (С.Мәуленов, Алыс кет.).