lat: USAQTYQ
зат. Оншалықты маңызы жоқ, уақ-түйек, мәнсіз мәселемен шұғылданушылық.
Осы бір ұсақтықты, мәнсіз абыр-сабырды адамдар өздеріне өздері қасақана ойлап тапқандай (Ә.Кекілбаев, Бір уыс).
Біз ғой мұндайды әңгімелеудің өзін ұсақтық санаймыз (С.Жүнісов, Ақан сері).
Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын темір тәртіпке (дисциплина) бағындыру керек (М.Жұмабаев, Шығ.).
Сәйгүлікте қалады екен өмірінде бір аттан.
Шабан аттың бәйге алғанын көре алмадым бірақ та.
Ірілердің ұсақтығын байқап келем талайдан,
Ұсақ жанның ірілігін көре алмадым алайда (Қ.Мырзалиев, Ақ отау.).