ҰШЫР

lat: USHYR

1 зат. көне. Үстем тап өкілдері мен дін басыларына кедейлердің егін өнімінен төлейтін салығы.

Жұрт егінін соққан кезде қабыңызды шанаңызға салып жүріп, ұшырға берген бидайды неше рет тиеп қайттыңыз (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Шынында молдалар құранды не қылсын, пайғамбарды не қылсын, оларға садақа мен педия, ұшыр мен зекет болса бітті емес пе? (М.Тоқжігітов, Құран тур.).

Бір бүйірдегі Хиуа ханы да біздің жерімізді жайлап отырсың деп оқтын-оқтын қарулы әскер жіберіп, ұшыр, зекет жинап әкететін (Ә.Кекілбаев, Ұйқыд. ару.).