ҰСТАҒЫШ

lat: USTAǴYSH

1 зат. Зат ұстау қабілеті бар бұйым.

Киевтің аса қатты зат материалдар институтында жасалған ине ұстағыштар шет елдерде жасалған құралдардан артық болып шықты (О.Бисеев, Жеңімпаз тас.).

Бұл ауруларды болдырмау үшін жем-шөпті малға берместен бұрын магнитті ұстағышпен қарап, тексеріп тазалау керек (Ғ.Әбішев, Малда кездесетін жарақаттар.).

Қалалардың ауа бассейндерін тазарту мақсатында кәсіпорындарында түтін-тозаң ұстағыштар жасалуда (М.Қайрақбаев, Рактан қалай сақтануға болады.).