lat: USTALYQ
зат. 1. Ұста өнерін кәсіп етушілік.
Үйде отырса ұсталық істейді, қолы өнерлі, кісіге жалынбайды; кісіге орынсыз нәрсе бермейді, кісісіне мырза, жалпаламаға сараң (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Мәдбет өзін ұсталық ісіне баулып жүрген Михайлов қасына келгенде ұстазы алдындағы шәкірт сияқты болады, буындарын бекітіп, балғаны берік ұстап, төстегі темірді дәл ұруға тырысады (І.Жансүгіров, Шығ.).
2. Шеберлік.
Өзге тілге аударуға аса қиын соғатын осы өлеңінде ақын сол тілдің бар мүмкіншілігін де өзгеше ұсталықпен пайдаланады (М.Әуезов, Әр жыл ойлары.).
Сөне жаздап жалын тілі қысқырап,
Қайта шалқыр қайта ұзарып ұшталып.
Мен де солай бір тасимын, бір қайтып.
Алмасады олақтық пен ұсталық (М.Әлімбаев, Жүрек лүпілі.).