ҰСТАНУ

lat: USTANÝ

Ұстан етістігінің қимыл атауы.

1. Бір нәрсенің жолын қуу, өмірлік ұстаным ету.

Х мерейтойлық сессияға қатысушылар Қазақстан қоғамын, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласында салиқалы саясат және жоғары моральдық қағидаларды ұстануға шақырған үндеу қабылдады («Қаз. әдеб.»).

Күйеу жігіт қалыңдығын бір жыл бойында қайын жұртында қалдырып түн баласы қайын атасы мен қайын енесінің көзіне түспей, ұрланып барып түнеп тұратын әдетті ақыр аяғына дейін ұстануға әлденеден тәуекелі жетпеді білем, той өткен соң бір аптадан соң-ақ, келіншегін өз үйіне алып кетті (Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ.).

2. Үлгі тұту.

Осы үлгіні біз де ұстануымыз керек еді, әлі де болса кеш емес (М.Әлімбаев, Қалам қайраты.).