lat: USYNÝ
Ұсын етістігінің қимыл атауы.
1. Бір затты біреуге қолымен әперу.
Алыс кетсем көп қарадың жолыма,
Түстер көрдің шырмалып ой торына.
Оралғанда ұсынуға сапардан
Сақтадың сен не түссе де қолыңа (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Жаралған неше түрлі тігіндіден
Жасқандым ұсынуға гүлімді мен.
Кетіп те қалғың келді менен сенің,
Қимай да қайта оралып жүрдің білем (Т.Молдағалиев, Жүректегі жорулар).
2. Бір мақсатты жүзеге асыруға ұсыныс жасау.
Мынаған үйрен, мынадан жирен деп жалаң декларация ұсыну шығарманың көркемдік-эстетикалық мазмұнына нұқсан келтіреді деп білеміз (“Қаз. әдеб.”).