lat: UTYMDY
сын. 1. Ұтықты, ұтқыр (сөз).
Олар өзара шешендік салыстырып, қай бидің сөзі ұтымды болса, істің ақ-қарасына қарамастан, сол жеңіп отырған (C.Мұқанов, Халық мұрасы.).
Салмақпен баптап, шебер сөйлейтін секретарь бюрода бұл жолы да ұтымды сөйледі (X.Есенжанов, Ағайынды.).
Мақал-мәтел дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшамды түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз (М.Әлімбаев, Өрнекті.).
2. Тиімді, пайдалы.
Сонан соң әңгіме дүкен құрып, бүркіттің, жігіттің ерекше істері ауызға алынады, мадақталады. Кім не істеді, қандай ыңғайлы, ұтымды қимыл жасады, кім оғаш қимыл жасады, аңды қалай алды, қалай айрылып қалды, бұның бәрі сөз болады (Ж.Бабалықұлы, Қырандар).