lat: Ult saıasaty.
Көпэтникалық мемлекеттің өз аумағындағы ұлттар, ұлыстар мен халықтарға қатысты саясаты.
1923 жылы Мәскеуде ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің қатыстырылуымен өткізілген РКП(б) Орталық Комитетінің кеңесінен кейін осы пиғыл күшейе түсті. Осы кеңесте большевиктердің ұлт саясаты басты назарға алынып, жергілікті кадрлардың ұлтшылдық бағыты айыпталды, сонымен бірге КСРО-дағы түркі халықтарының конфедерақиясын құру идеясына соққы берілді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).
Пролетариат диктатурасына қызмет ететін лениндік ұлт саясатынан біз ешбір жақсылық күтпейміз (М.Шоқай Таңд.)