вафли қамырының негізгі шикізаттары: ұн, қант, май, эмульсиялар, дәмдеуіштер. Вафли қамыры сұйық болады, ылғалдылығы 65%. Қосылатын заттарға байланысты вафли қамыры тұщы, құмшекерлі және т.б. болады. Тұщы қамырды жұмыртқаның сарыуызына, тұз, су, ұн қосып араластыру арқылы дайындайды. Тәтті болуы үшін аздаған құмшекер қосылады. Құмшекерлі қамыр дайындау үшін майға құмшекер араластырып, оның үстіне жұмыртка, су, тұз, сода, ваниль қосып бұлғанады, содан кейін ұн, су қосып араластырады.