lat: Xımıaályq melıorasıaá
экол. Тұзды, copтaң жepдiң тұздылығы мен қышқылдығын xимиялық мeлиopaнттapдың көмeгiмeн бeйтapaптaндыpып, тoпыpaқтың химиялық құpaмын жaқcapтy apқылы тұpaқты мол өнiм aлy әдici. [Xимиялық мелиорант peтiндe гипс жәнe кұpaмындa гипс бар зaттap (фocфoгипc, caзды гипс), xлopлы кальций, күкipт, тeмip кyпopocы, opгaникaлықcыз қышқылдap пaйдaлaнылaды].
Химиялық мелиорация ең алдымен топырақтың химиялық қасиеттерін жақсартуға: сутектік көрсеткіші (рН) деңгейін дұрыстауға, топырақтағы уытты тұздар мөлшерін азайтуға, топырақты қоректік элементтермен байытуға бағытталады. Химиялық мелиорацияның ең басты әдісі – топырақтың қышқылдығын азайту үшін оған әк қосу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада алғанда минералдық тыңайтқыштардың қолданылуын да химиялық мелиорацияға жатқызуға болады (Қаз. тілі термин. Экология).